Шоу-Бизнес

Дариға Бадықованың экс-күйеуі жаңа сүйіктісін көрсетті

Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, соңғы сұхбатына қатысты көпшіліктің пікіріне тоқталды. Ол адамдардың көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін екенін айтып, ешкімді айыптамайтынын жеткізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Сені қандай жағдай болса да түсінетін, әрдайым демеу болатын бір адамның бар екені қандай жақсы. Соңғы сұхбатқа байланысты, қалған адамдар не десе де, өз еркі. Мен ешкімді кінәламаймын. Әркімнің өз шындығы, өз пікірі бар. Әр адамның қателесуге де құқығы бар. Аман болайық!» – деп жазды актер.

Жарияланымға оқырмандар да пікір білдірді. Көпшілігі Дархан Мұсаевқа ақ тілегін арнап, бақыт тіледі. Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары актердің жеке өміріне қатысты болжамдарын жазды.

Желі қолданушылары «Бақытты болыңыз», «Жақсы жар жолықсын», «Әдемі қыз алатын сияқты», «Әр адам бакытты болуга лайықты» деген пікір жазды.