"Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге зейнетақы төленбеуі мүмкін бе": Еңбек министрі жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шығып, бірақ жұмыс істеп жүрген азаматтарға зейнетақы тоқтатылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Өткен жұмада Еңбек ресурстарын дамыту орталығында БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу кезінде де айтқан болатынмын. Мен зейнетке ерте және кеш шығуға болатынын және бұл әзірге ұсыныс екенін айттым. Бұл ұсыныс қазір зейнетақы алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Бәрі сол бұрынғыдай жалғаса береді», - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына әлі енгізілмеген.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке кімдер ерте шыға алатынын айтқан болатын.