«Көп нәрсе сұраймын»: Дариға Бадықова көпшіліктің назарын аударды
Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, оқырмандардың назарын аударды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі жарияланымына «Өмірден көп нәрсе сұраймын» деген жазба қалдырған.
Актрисаның суреттеріне желі қолданушылары түрлі пікір жазып, оның ерекше құлпырып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ оқырмандар Дариға мен Олжасқа бақыт тілеп, жарасымды жұп екенін жеткізген.
«Дариға Олжастың қасында құлпырып кетеді», «Жайнап кетіпті», «Жарасымды жұп, бақытты болыңдар», «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойынан кейін бал айын өткізу үшін Доха қаласына барған.