Шоу-Бизнес

«Көз алдымда өлтіріп кетті»: Ердос Қанаев сұмдық жайтқа тап болды

«Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев белгісіз адамның итін көлікпен қағып өлтіргенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әнші жануардың өлімі өзіне ауыр тигенін айтып, иттің адамға деген адалдығы туралы ойымен бөлісті.

Ердос Қанаевтың сөзінше, кейбіреулер оның итті жоқтап жазба жариялағанын түсінбеуі мүмкін. Алайда жануардың көз алдында азапталып өлтірілгені әншіге қатты әсер еткен.

Ол иттің иесіне деген адалдығын ерекше атап өтіп, кейде жануарлардың бойындағы осы қасиетті адамдардан да кездестіру қиын екенін жазды.

«Кейде бір ауыр ойларға шомып кеткенде, қасыма келіп: “Мен түсінем ғой, маған айтсай сырыңды” дегендей көзіме қарап тұратын», – деп бөлісті әнші.

Сондай-ақ Ердос Қанаев иттің өліміне себеп болған адамға өкпесін білдіріп, оның бір күні өзі де осы жағдайдың ауырлығын түсінер деді