Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Асқар Омаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Асқар Омаров 1976 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Республикалық мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми орталықта бастаған. 1998–1999 жылдары «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман, 2001–2005 жылдары «Новости недели» газетінде тілші болып жұмыс істеген.
2005–2006 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Астана» телеарнасы филиалындағы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросын басқарды. 2008–2010 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.
2011–2013 жылдары Түркі академиясының вице-президенті, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры болды. 2016–2017 жылдары қоғамдық қорды басқарды.
2017–2020 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, 2020–2021 жылдары басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 2022 жылғы 11 қаңтарда осы министрліктің басшысы болды.
2022 жылғы 2 қыркүйекте Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. 2026 жылғы 20 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметтен босатылды.