Алматылық әйел Small қызметкерлерін жалақысын бермей, жұмыстан қуып шықты деп айыптады
Алматылық әйел Small қызметкерлерін жалақысын бермей, жұмыстан қуып шықты деп айыптады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Айтуынша, өзі Қарақалпақстаннан келген оралман. Мекеме директоры оны қаңғыбас деп қорлап, бетінен ұрмақ болған.
“Қазақтың баласын тәрбиелеп отырған қазақ анасымын. Мені бұкіл жерден жұмыстан қудырып отыр. Алматы полициясы да ізіме түсіп алған. Қызымды таптып алып, қыздығын сатамын деп ізіме түсіп алған. Сол үшін мені бүкіл жерден жұмыстан қудырып жатыр. Бүкіл тазалық жұмысын істеткізіп алып, жұмыстан қуды. Ақысының жартысын ғана берді. Қазақстанда қазақтың анасын жылатты, мені әбден қорлады. Еңбекақымыды бермей қуып шықты.Еңбекақымды жеді, жұмыстан қуып шықты. Small директоры мен қасындағы жігіт мені боқтап, жұмыстан қуып жіберді. Еңбекақымды алып беріңіздер, шара қолданыңыздар”, - дейді жылап тұрып әйел.
Әзірге оқиғаны қаншалықты рас екені белгісіз. Егер әйел мекемеге алған жала жапса, өзі жауапқа тартылуы мүмкін.