"Иттік жасағанына қатты налыдым": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады
Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың актер Олжас Абаймен отбасын құрғаны туралы жаңалыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі НТК арнасындағы «Не дейді» бағдарламасына берген сұхбатында экс-жұбайының тұрмысқа шыққанын әлеуметтік желіден білгенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл жаңалықты естігенде ерекше сезімде болмағанымен, бұрынғы қарым-қатынаста өзіне ауыр тиген жағдайларды әлі де ұмытпаған.
“Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым", – деді актер.
Сонымен қатар Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайына жамандық тілемейтінін, оның тағдырын Аллаға тапсырғанын атап өтті.
"Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын", – деді ол.
Актер Дариға Бадықованың тұрмысқа шыққаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көргенін және бұл жаңалықты жай қабылдағанын айтты.
Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың шаңырақ көтергені белгілі болды.