Саясат

Президент Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтыны белгілі болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда түске дейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысы бұл жөнінде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Қазір президент маңызды құжаттың мәтінін әзірлеп жатқанын айтты.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.