Шоу-Бизнес

"Өліп қалсам немесе үйім өртеніп кетсе...": Белгілі блогер өзіне қауіп төнгенін айтты

Белгілі блогер Замира Сұлтан әлеуметтік желідегі жазбасында өзіне қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Замираның сөзінше, ол бұған дейін ер адам оны қорқытып келген.

«Қыздар, мұны жариялап отырған себебім: мен өліп қалсам немесе үйім өртеніп кетсе, бұған кінәлі — Баха. Ол маған үнемі “Далада қалғың келе ме? Өлгің келе ме? Маған бір-екі жыл отырып шығу қиын емес” деп айтатын. Сол үшін сақтық ретінде бүкіл ел білсін деп жариялап отырмын. Түсіністікпен қараңыздар. Алла жар болсын маған!», — деп жазды ол.