Күйеуі туыстарын қырып салған Ақбаян Мұқанғалиеваның парақшасында жаңа жазба пайда болды
Жангелдиндегі қайғылы оқиғадан аман қалған Ақбаян Мұқанғалиеваның Instagram парақшасында жаңа жазба жарияланды. Онда Ақбаянмен бірге кітап оқуды бастағаны айтылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жазба авторы күн сайын үш беттен кітап оқуға кіріскендерін жеткізген.
«Күніне үш беттен бастап оқи бастадық. Жеті жыл оқыған, дипломымды Ақбаянға арнап жатырмын ал», – делінген жазбада.
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Кейбірі Ақбаянның жеке парақшасын қазір туыстарының бірі жүргізіп отырған болуы мүмкін екенін жазған.
Алайда Instagram парақшасын нақты кім басқарып отырғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Жазбада Ақбаянмен бірге кітап оқуға кіріскені айтылғанымен, оның қазіргі денсаулық жағдайы мен оңалту барысы туралы қосымша мәлімет жарияланбаған.