"Намаз оқитын нағашым іш киімімді шешіп жатыр екен": келіншек басынан өткен сұмдық оқиғаны баяндады
Заңгер Ләззат Рақишеваға тағы бір оқырманы басынан өткен сұмдық оқиғаны баяндаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қыз кезіндегі қонақтан босамайтын үйіндегі жағдайды баяндаған келіншек ағайын-туыстан көңілі қалғанын айтады.
"Біздің екі бөлмелі пәтеремізге жиі қонып кететін ағайын -туыстарымыз көп келетін. Мен күн сайын келген қонақтарды күліп қарсы алатынмын. Қонақтар келсе анамның іші пыспайтын және әке - шешем мақтаудың астында қалатын. Екі бөлмеде қонақтарға қызмет етемін деп, күнім ас үйде өтетін. Ыдысты жуу не қашан кетеді деп күтіп отырумен кеш батып , сабағым жайына қалатын. Өз бөлмем болса екен деп армандайтынмын. Себебі, біздің екі бөлмелі пәтерде ағайын студенттер жатып оқитын. Соларға алаңдап, сабағым тағыда жайына қалатын. Ал ата - анам туысымыздың баласы ғой ұят болады деп жатқыза беретін. Әр жыл сайын екі бөлмеде 11 адам болып тұрып келдік. Ең жаныма бататыны ата- анам, туған бауырларым өзіміз болып ешқашан шай ішпейтін едік. Ағайынның балаларына ақыл айту, соларға көңіл бөлумен өтетін дастархан үстіндегі уақыт. Біз ішіп алайық, сосын ішесіңдер дегенде ата- анаммен емес үйдегі студенттермен кейде жалғыз тамақ ішетінмін. Жаңағы келген қонақтар күнде келеді ғой деп бала болып ренжігенде шешем ұрысып не ұрып тастайтын. Мінезіңді көрсетпе. Күліп жүр. Қонақ құт дейтін.
Қазір ойлаймын гостиницада жұмыс істейтін қызметші сияқты болыппын деп . Қонақ үш күн емес бес, алты күн жатып алады не араға уақыт салып келеді", - дейді ол.
Сөйтіп жүргенде қыз туысының қасына жатамын деп сұмдық оқиғаға тап болғанын айтады.
"Күндердің күнінде анаммен жасты намаз оқитын нағашым келді. Келген сайын мені еркелетіп, күліп жүретін. Сөйтіп шешем нағашыңның қасына жат деп төсек салып берді. Менің ойымда ештеңе жоқ. Өткені. Қонақтармен бірге жату қалыпты еді. Түнде ұйықтап жатсам намаз оқитын нағашым қолымен іш киімімді шешіп жатыр екен. Қорыққанымнан қозғала алмай қалдым. Бар күшімді жинап, атып тұрып ата- анам жатқан бөлмеге кіріп кеттім. Сол кездегі қорқынышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Содан кейін адамдарға мүлде сенбеймін. Оқу бітіріп, басқа қалаға оқуға кеттім. Сол үйден кеткеніме қатты қуанамын. Балалық шағым сол жерде өтсе де сағынбаймын. Ол үй мен үшін ҚОНАҚ ҮЙ болып қалды. Біраз жылдардан кейін әке - шешеме айттым. Қазір ол педофилмен араласпайды. Әрине қиын болды шындықты естігенде. Бірақ ол кісілердің қателіктерін бетіне басқым келді. Қыз балаңызды туысым деп қасына жатқызбаңыздаршы топас ата - аналар. Ата- анам біз ақымақ болдық деп мойындады, бірақ олар сол өмірге үйреніп қалды әлі де ағайындарымыздың балалары жатады. Өкінішті. Басқа қалада жолдасыммен тұрамын. Келесі жылы інім мен тұрған қалаға көшіп келгісі келеді алла қаласа. Үміттенемін ата- анам, бауырларым қасыма көшіп келсе екен деп.Арманым бір дастарханда өзіміз болып отыру ғой шіркін", - деп аяқтаған әйел хатын.