2027 жылы Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелердің күндерін жариялады. Келесі жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Бұл туралы ҚМДБ ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге келеді.
Ал Құрбан айт 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
ҚМДБ бұл күндерді астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтеріне сүйеніп есептеген. Дегенмен жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күні бір күнге өзгеруі мүмкін.