Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды
Жетісу облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды buginmedia.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Полицияның мәліметінше, жол апаты Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оңтүстік бағытта келе жатқан шағын автобус жүргізушісі алдында қозғалып бара жатқан КамАЗ тіркемесіне соғылған.
Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған 10 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстануға шақырды.