Аймақ

Жетісу облысында түнде жер сілкінісі болды

Сейсмологтар түнде Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 6 қарашада Астана уақытымен 22:58-де жер сілкінісін тіркеді. 

"Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырымда орналасқан", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.