"Отбасылы бола тұра басқа қызға ғашық болдым": танымал кәсіпкер сырын ақтарды
Кәсіпкер Бақтияр Құдайберген «TalkLike» YouTube арнасына берген сұхбатында отбасылы бола тұра қызға ғашық болып, әкесінен кеңес сұрағанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Алайда, әкесі ұлының бұл шешіміне қарсы уәж айтып, оған қарындасын мысалға келтірген.
“Әкеме телефон соғып,мен бір қызға ғашық болып қалғанымды айттым. Бірақ әйелім, балаларым бар. Соған қарамастан, екінші әйел алғым келетінін айтттым. Сонда әкем қарындасымды мысалға келтіріп, егер оның күйеуі келіп, екінші әйел алғысы келетінін айтса, қарсы болатынын айтты. Мен шыдай алмай жүргенімді, өзімді тоқтата алмайтынымды айттым. Әкем бұл әңгімені ұмытып, уақыт өте сезімім басылатынын айтты. Бірақ мен оған райымнан қайтпайтынымды жеткіздім», – деп еске алды кәсіпкер.
Оның айтуынша, әкесі өз тәжірибесін мысалға келтіріп, жастық шақтың да өз шегі бар екенін түсіндірген. Сондай-ақ ұлының бір күні тұрақталып, отбасына көңіл бөлетініне үміттенетінін айтқан.
«Әкем өзі де жас болғанынын, қыдырғанын айтты. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар екенін, менің бір күні тоқтап, тұрақталатынымды күтіп жүргенін айтты», – деді кәсіпкер.
Бақтияр Құдайберген — қазақстандық кәсіпкер, бизнес-аналитик және инвестор. Ол Қызылорда облысының тумасы, еңбек жолын автокөлік жөндеу орталығында слесарь болып бастаған. Кейін автобөлшектер сататын дүкендер ашып, жеке кәсібін дамытқан. Кәсіпкер бизнес жүргізу, қаржылық сауат және кәсіпті дамыту туралы кеңестерімен де танымал.