Төрт өңірде жаңбыр аралас қар жауады: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Бүгін Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынады.