Шоу-Бизнес

«Жауап қайтарар уақыт келеді»: Олжас Абайдың экс-әйелі жазба жариялады

Актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі, әнші Аймира Аман әлеуметтік желіде жаңа әнін жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі жазбасында «Жауап қайтарар уақыт келеді» деген сөз қалдырған.

Әншінің бұл жазбасы оқырмандар арасында түрлі болжамға себеп болды. Кейбір желі қолданушылары жаңа туындыны Аймира Аманның бұрынғы күйеуі Олжас Абайға арнаған болуы мүмкін деп топшылады. Дегенмен әншінің өзі әннің кімге арналғанын ашып айтпаған.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Абай мен Дариға Бадықованың шаңырақ көтергені хабарланды.