Шоу-Бизнес

Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті

Эстрада әншісі, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы 89 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген әншінің парақшасында.

Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.