Әлемде

Табытта жатқан жасөспірім қыз жаназасы кезінде кенеттен тіріліп кетті

Гватемалада туыстары қоштасу рәсімін өткізіп жатқанда табытта жатқан 15 жастағы қыздың тіріліп кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Юлейди есімді жасөспірімнің медициналық орталыққа барар жолда жағдайы күрт нашарлаған. Әкесі қызының тынысы мен тамыр соғысын тексеріп, оны қайтыс болды деп ойлаған.

Алайда қыздың қайтыс болғанын дәрігерлер растаған жоқ. Отбасы өлім туралы медициналық куәлік те алмаған.

Осыдан кейін туыстары үйде қызбен қоштасу рәсімін ұйымдастырған. Рәсім кезінде анасы табыттың қозғалғанын байқап қалған. Туыстары табытты дереу ашып, қызды сыртқа шығарған.

«Тірі қалғаным үшін Құдайға және ата-анама алғыс айтамын», - деді Юлейди.

Оқиғадан кейін қыз үйінде болып, қалпына келе бастаған. Гватемала билігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.