Аймақ

13 қазанда Қазақстанда 6 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі, 13 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді.

Өңірлер бойынша ауа температурасы:

Солтүстік-батыста күндіз +10…+22 °C;

Солтүстікте түнде −1…−6 °C, күндіз +3…+13 °C;

Орталықта түнде −6…+3 °C, күндіз +4…+15 °C;

Шығыста түнде −5…+5 °C, күндіз −1…+9 °C;

Оңтүстік-шығыста түнде +5…+10 °C, таулы аудандарда −2…+3 °C болады. Күндіз +10…+22 °C, таулы аймақтарда +5…+10 °C шамасында болады.