Олжас Абай мен Дариға Бадықова шаңырақ көтерді
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде Олжас Абаймен бірге түскен фотоларын жариялап, көпшіліктен бақыт тілеуді сұрады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жарияланған суреттердің бірінде Олжас Абайдың актрисаның бетінен сүйіп тұрған сәті көрінеді.
Дариға Бадықова жазбасында әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, өзгенің өміріне баға бермеуге шақырды.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол өзі мен Олжас Абайға қатысты түрлі пікір айтудың орнына, жұртшылықтан ақ тілегін арнауды өтінді.
«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды Дариға Бадықова.