Әлеумет

«Үш әйел таксисті зорлаған»: полицияға шағымданған жүргізуші күтпеген жағдайға тап болды

Ганада Uber таксиінің жүргізушісі Касоа ауданынан алып келген үш әйелдің топ болып жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді. Зардап шеккен ер адам болған оқиғаны жергілікті радиостанцияның эфирінде айтып берген. Бұл туралы buginmedia.kz GhanaWeb басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жүргізушінің айтуынша, ол үш әйелді жеткізіп салғаннан кейін, келесі күні оларды кері бағытта алып кетуге келіскен.

Белгіленген жерге жеткен соң әйелдер мекенжайды нақтылау сылтауымен жүргізушіден пәтерге аз уақытқа кіріп шығуын сұраған. Ер адам ішке кірген бойда күдіктілердің бірі есікті құлыптап, көліктің кілтін алып қойған.

«Үшеуінің де дене бітімі ірі, ал менің бойым аласа. Олар маған жабылды. Біреуі аяқтарымды төсекке басып ұстап, қозғала алмайтындай етті. Содан кейін үшеуі де кезекпен зорлық көрсетті», – деді такси жүргізушісі.

Ол әйелдердің босатуын өтінгеніне қарамастан, ешқайсысы оның сөзін елемегенін айтты. Бұған қоса, оқиғадан кейін олар жол ақысын төлеуден бас тартқан.

Жүргізуші көлігіне әрең жеткен. Қатты әлсірегендіктен, көлігінде шамамен екі сағат ұйықтап қалған. Одан кейін құқық қорғау органдарына барып, арызданған.

Алайда ер адамның айтуынша, полиция бөлімшесінде оның шағымына байыппен қарамаған. Керісінше, болған жағдайды күлкіге айналдырып, оған күлген.