Әлеумет

Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды

Алматы облысында «Хуторские» қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. 

«2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған бес күдікті ұсталды, олар қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. ұсталып, сот «Қамау» бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті.

Полиция қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерін кешенді жалғастыруда.

Тергеу облыстық ПД басшылығының бақылауында.