Аймақ

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға А. Байтұрсынұлы көшесінде болған. Құтқарушылар жеткен кезде көліктердің барлығы жалынға оранған. Қатты жел өрттің жақын тұрған көліктерге тез тарауына себеп болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, өртті жедел сөндірді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.