Жаңбыр, қар: 5 қазанға ауа райы болжамы
5 қазанда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер ел аумағында жаңбыр, кей жерлерде қар жауатынын болжады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
5 қазанда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер ел аумағында жаңбыр, кей жерлерде қар жауатынын болжады.
Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Осындай ауа райы оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аймақтарында да күтіледі. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр жауады. Бұл өңірлердің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнауы ықтимал.
Елдің басым бөлігінде жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік пен солтүстік-батыста көктайғақ қаупі бар. Түнгі және таңғы уақытта Қазақстанның барлық өңірінде тұман түсуі ықтимал.
Сонымен қатар бірқатар облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жоғары өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында болжанып отыр.
Ал Қызылорда, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.