Әлеумет

Сенаттың экс-спикері Мәулен Әшімбаевтың қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

Бұрынғы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай Telegram-дағы арнасында Сенаттың экс-спикері Мәулен Әшімбаевтың Адамзат бауырластығы үшін Заид атындағы халықаралық сыйлықтың қазылар алқасының құрамына сайланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның айтуынша, Әшімбаев қазылар алқасының құрамына әл-Азһардың Бас имамы Ахмад ат-Тайебтің ұсынысымен енген.

Заид атындағы халықаралық сыйлық 2019 жылы адамзат арасындағы бауырластық, өзара түсіністік пен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын насихаттайтын тұлғалар мен ұйымдарды марапаттау мақсатында құрылған.

Қазылар алқасының негізгі міндеті – адамзат бауырластығы қағидаттарын өз қызметі арқылы дәріптеп жүрген адамдар мен ұйымдарды анықтау.