Спорт

Қазақстан 12 жылдан кейін Азия ойындарынан бокстан алтын алды

Босшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан финалда Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстан боксшыларының Азия ойындарындағы 12 жылдағы алғашқы алтыны. Соңғы рет қазақстандық боксшы 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған. 2018 жылғы Джакарта және 2022 жылғы Ханчжоу ойындарында Қазақстан боксшылары алтын жүлдеге қол жеткізе алмаған.

Сабырхан жарысты да сәтті бастады. Ол 1/8 финалда Қатар боксшысы Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Ирак өкілі Али Касим Хамдам Әл-Саррайды мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевтан 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Төрехан Сабырхан Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.