Сәтқалиевтің орынбасары қызметінен босатылды
Президент Ғұмар Серғазинді Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.