1 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
1 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Сондай-ақ жел күшейеді.
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы -6…-1 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3…+8 градус болады. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 градустан +5…+15 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +13…+23 градус аралығында болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +20…+25 градусқа дейін жылы болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15 градус шамасында күтіледі.