Білім

Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейтін болды

Талғар ауданында бүгін таңертең болған жер сілкінісінен кейін мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі мектептердегі сабақтардың тоқтатылғанын, ал балабақшаларда ата-аналардың қалауы бойынша тоқтатылатынын мәлімдеді.

«Облыстың барлық білім беру мекемесімен төтенше жағдай, жер сілкінісі бойынша бірнеше рет оқу-жаттығу жүргізілген. Төтенше жағдай кезінде әр білім беру мекемесінің басшысы тиісті алгоритм бойынша әрекет жасады. Оқушылар мен ересектер (педагогтар, техникалық қызметкерлер) бірден сыртқа, қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Есік өңіріндегі 6 мектептің 6960 баласы және жақын ауылдардағы мектептер мен балабақшалардың балалары үйлеріне қайтарылды.

Талғар ауданында барлығы 42 мектеп бар. Соның ішінде Талғар қаласындағы 10 мектептің 12529 оқушысы және балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне қайтарылды», - делінген Алматы облысының білім басқармасы таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі, 5 қарашада Алматы мен Алматы облысында қуаты 3-4 балдық жер сілкінісі болды