Аймақ

ТЖМ Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы мәліметті жариялады

Алматы облысының Талғар қаласында ғимараттар қирағаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр,  деп хабарлайды buginmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


«Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", – делінген хабарламада.

Қала тұрғындарынан «112» желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті.

Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды 8 (7277) 22-60-97.