Алдағы үш күнде Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді
"Қазгидромет" РМК 26–28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон анықтайды. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы орнап, ауа температурасы төмендейді.
Бүкіл кезеңде еліміздің батысы мен солтүстік-батысында, ал 27–28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстанның шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Сонымен қатар бүкіл кезеңде солтүстік пен шығыста, ал 27–28 қыркүйекте солтүстік-батыс пен орталықта түнгі уақытта 1–3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.