Әлеумет

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсететін қор құрылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін бірыңғай ресми қор белгіленді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл шешім азаматтар мен бизнес өкілдерінен түсіп жатқан қайырымдылық көмекті бір жүйеге келтіру және алаяқтықтың алдын алу мақсатында қабылданды. Қорға түскен қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына жұмсалады. Қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде көмек жинаған.

Әкімдік азаматтарды қаражатты тек қордың ресми реквизиттері арқылы аударуға шақырды. Жеке банк карталарына немесе белгісіз шоттарға ақша аудармау ескертілді.

Қордың ресми реквизиттері:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT