Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады
Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін көтерді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, мәслихаттардың басым бөлігі бұған дейін «Amanat» партиясынан сайланған. Алайда партияның «Әділет» партиясына қосылуына байланысты жергілікті өкілді органдар депутаттарының өкілеттігіне қатысты мәселе туындаған.
Тоқаев бұл мәселе бойынша Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңесетінін айтты. Одан кейін тиісті Жарлыққа қол қойып, Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлау күнін белгілеуі керек.
«Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек. Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби корпусын қалыптастыруға жол ашып, оның жұмысына тың серпін береді», – деді Президент.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс сайлау өткізіледі.