«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұрынғы басшысы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
Дәулет Бекманов Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Дәулет Бекманов еңбек жолын ақпараттық технологиялар саласында бастаған. 2007-2009 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бірқатар қызмет атқарып, IT-консалтинг тобының талдаушысы, АКТ процестерін талдау және менеджменті тобының бас менеджері болып жұмыс істеген.
2009-2011 жылдары «Денсаулық сақтау инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-нің жетекші маманы қызметін атқарды.
2011-2012 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бас талдаушы, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы болды.
2012-2013 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасын басқарды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы болды.
2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары, кейін ақпараттандыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2017-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2020-2023 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарды.
2023-2025 жылдары «Қазпошта» АҚ-да мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.
2025 жылғы шілдеден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болды.
Білімі
Дәулет Бекманов 2004 жылы «Мирас» университетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Бекманов Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.