"Мені анамның інісі зорлады": Айгүл Иманбаева сұмдық жайт туралы жазба жариялады
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі жазбасында балалардың қауіпсіздігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесі өз жазбасында балаға жақын немесе таныс адамдар тарапынан жасалуы мүмкін зорлық мәселесіне назар аударды.
«Мені анамның інісі зорлады, мені класстасымның ағасы зорлады… Бұл тақырып қоғамдағы өзекті мәселе. Барынша біреудің үйіне қонуға ұл-қыздарыңызды жібермесеңіздер екен деймін. Бұл туралы сіз қандай пікірдеcіз?» – деп жазды Айгүл Иманбаева.
Ол ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.