Аймақ

Қазақстанда 24-26 қыркүйекте үсік жүреді

«Қазгидромет» 24, 25 және 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Сонымен қатар барлық дерлік өңірде ауа температурасы төмендейді.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте ауа температурасы 1-2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Алдағы күндері күндізгі ауа температурасы:

батыста +20…+28°C;

солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°C;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста +20…+25°C болады.

Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°C шамасында сақталады.

Ал Қазақстанның орталығы мен шығысында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.