Аймақ

Астананың бес ауданында бүгін жарық өшіріледі

Бүгін, 23 қыркүйекте Астананың бес ауданында электр жарығы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өшіріледі. Кейбір аудандарда жарық тоғыз сағатқа дейін болмайды. Бұл туралы «Астана-РЭК» мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Байқоңыр ауданында электр жарығы ең ұзақ уақытқа өшіріледі. Сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін «Парасат», «Вишневый сад», «Связист», «Березка», «Экспресс», «Экспресс-2» және «Ивушка» тұрғын алаптарында жарық болмайды.

Сонымен қатар 09:00-ден 16:30-ға дейін Вячеславский және Қыранқия көшелерінде электр энергиясы уақытша тоқтатылады.

Есіл ауданында сағат 08:30-дан 16:00-ге дейін Шұбар тұрғын алабындағы бірқатар көшеде жарық өшеді. Бұл аумақта жөндеу жұмыстары 23-25 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ Түркістан көшесіндегі №8, 8/1 және 8/2 үйлері 08:30-дан 16:00-ге дейін жарықсыз қалады.

Нұра ауданында 08:30-дан 16:00-ге дейін Қараөткел тұрғын алабындағы Ақкербез, Ақжелен, Таңбалытас, Аягөз және Қазанат көшелерінде электр жарығы болмайды.

Алматы ауданында бірнеше аумақта жарық әртүрлі уақытта өшіріледі. Абылай хан даңғылындағы бірқатар үйде 08:00-ден 16:30-ға дейін, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы көшелерде 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал Ш. Құдайбердіұлы және І. Жансүгіров көшелеріндегі кей үйлерде 13:00-ден 16:30-ға дейін электр энергиясы болмайды.

Сарыарқа ауданында Тлендиев, Тұрлыбаев, Босбиік, Жайлыма және Сейдалин көшелерінде сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін жарық өшіріледі.

Электр энергиясын беру жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.