Саясат

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты жаңа мүшесін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты жаңа мүшесін тағайындады., деп хабарлайды buginmedia.kz.

ОСК құрамына:

Азамат Айманакумов;

Михаил Бортник;

Мұхтар Ерман;

Әсел Жанәбілова;

Ләззат Сүйіндік;

Шавхат Өтемісов кірді.

Мемлекет басшысы жаңа мүшелерді тағайындау туралы тиісті жарлықтарға қол қойды.

Бұған дейін Нұрлан Әбдіровтің ОСК төрағасы қызметіне қайта тағайындалғаны хабарланған. 65 жастағы заңгер Орталық сайлау комиссиясын 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.