Әлеумет

Мақсат Толықбай лауазымды қызметке тағайындалды

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Мақсат Толықбай Алматы облысының дамуына қатысты жұмыстарға атсалысады. Диас Нұрақын экс-депутаттың Мәжілістегі қызметі кезінде де өңірге қатысты бірқатар мәселені көтергенін айтты.

«Бізден бір жаңалық. Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Экс-мәжілісмен енді біздің өңірді дамытуға атсалысады. Депутат болып жүргенде де Алматы облысы туралы жиі айтып, жазып жүретін. Бұрын микрофон құшақтап, телеарнада талай жыл әріптес болып едік. Енді әкімдіктің отымен кіріп, күлімен шығамыз. Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!», – деп жазды ол.

Мақсат Толықбай бұған дейін тележурналистика саласында еңбек етіп, Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Ashyq alań» бағдарламасын жүргізген. Сондай-ақ ол Президент жанындағы Ұлттық құрылтай құрамында болған.

2023 жылдан бері Мақсат Толықбай Парламент Мәжілісінің депутаты болды.