Аймақ

Рудныйда әйел бесінші қабаттан дәмхананың үстіне құлады

Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден құлап, үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына түсті. Оқиға 50 жыл Октября көшесінде болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға туралы ақпарат облыстық «112» пультіне түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арқан мен зембілдің көмегімен әйелді шатырдан абайлап түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ оқыс жағдай кезінде «112» нөміріне дереу хабарласуды ескертті.