"Жоғары табыс, баспана ұсынған": Астанада апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге ұсталды
Астанада кәмелетке толмағандарды тарту арқылы притон ұйымдастырған қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Тергеу мәліметінше, 2023–2025 жылдары екі апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде притон ұйымдастырған. Топ құрамында күзетшілер, әкімшілер және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қызметтерді жарнамалаған адамдар болған.
"Ұйымдастырушылар түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, баспана және қауіпсіздік ұсынған. Сондай-ақ кейбір клиенттерді мас күйін пайдаланып, күш қолдану және ақша бопсалау фактілері анықталған", - делінген Астана прокуратурасы хабарламасында.
Барлық 15 адам ұсталып, оларға қамауға алу және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
Айыпталушылардың кінәсіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.