Шоу-Бизнес

"Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін": Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жазба жариялады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін. Менің ұстанымымда отбасым, балаларым, жақындарым, командам менің қамқорлығымда болғаны үшін жауаптымын. Иә, талабым қатал. Бірақ айналамдағы адамдарды ешкімге ренжіткізе алмаймын. Жақын деп тапқан қарым-қатынасымды құпия, жария ұстау да өз еркімде деп білемін. Ал егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін», — деп жазды актриса.