Мәдениет

«Қайдағы медицина?»: Мақпал Исабекованың сөзінен кейін «SuperStar» жобасының қатысушысы жылап қалды

Танымал әнші Мақпал Исабекова «SuperStar» жобасына қатысып жатқан Ернарға қолдау білдірді. Өнер иесі жас қатысушының мамандық таңдауына қатысты пікірін айтып, оның әкесіне үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

11-сыныпта оқитын Ернар жобада әкесіне арнап ән орындаған. Жас әншінің айтуынша, әкесі оның өнер жолын таңдауына қарсы болып, медицина саласына барғанын қалайды.

Бағдарлама барысында Мақпал Исабекова Ернардың өнерге деген қабілетін жоғары бағалап, оның әкесіне үндеу жасады

«Қайдағы медицина? Қайдағы? Ернардың папасы, сіздің басқа салаға жіберуге ешқандай қақыңыз жоқ. Бойында барлығы бар. Сымбатты, сабырлы, сөзім жоқ», – деді әнші.

Бұл сөздерден кейін Ернар көзіне жас алды. Жоба жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да жас әншінің жағдайына әсерленіп, көзіне жас толды.

Желі қолданушылары Ернарға қолдау білдіріп, оған өнер жолында сәттілік тілеген.