Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде 32 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда 22–24 қыркүйек аралығында атмосферлық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, осы кезеңде ауа температурасы қыркүйек айының соңына тән қалыпты деңгейде болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы:
батыста +25…+32 °C;
солтүстік-батыста +20…+31 °C;
солтүстік пен орталық өңірлерде +18…+27 °C;
шығыста +13…+23 °C;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25…+32 °C болады.
Осылайша, алдағы үш күнде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтілгенімен, елдің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +32 °C-қа дейін көтерілмек.