Жаңалықтар

"Хат жазып кеткен": Өскеменде 17 жастағы қыз өзіне қол салды

Өскеменде 17 жастағы студент қыз өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, қыздың суицид жасауына жауапсыз махаббат себеп болған. Ол өлер алдында хат жазып кеткен.

- Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбейгені көңіл қынжылтады: 2024 жылы 22 оқиға тіркелген болса, былтыр 7 оқиға болды. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: отбасылық жанжалдар мен оқудағы қиындықтардан бастап, достарымен қарым-қатынастағы қиындықтарға дейін әсер етіп отыр. Оның үстіне, жасөспірімдер көбіне өздеріне зиян тигізгісі келмесе де, бопсалау мақсатында да суицидке әрекеттенеді, - деді департамент өкілдері.