Әлеумет

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазан айында бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтарды қатарынан үш күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазан айында бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтарды қатарынан үш күн демалыс күтіп тұр.

Қазанның 25-інде Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Биыл ұлттық мереке жексенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты демалыс күні келесі күнге, яғни 26 қазанға ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.

25 қазан — Қазақстанда Республика күні. Бұл мереке 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күнмен байланысты.

Республика күні алғаш рет 1995 жылы ұлттық мереке ретінде белгіленген. Алайда 2009 жылдан бастап бұл күн мерекелер қатарынан шығарылды. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойып, 25 қазанды қайтадан ұлттық мереке — Республика күні ретінде бекітті.

Биыл 25 қазан жексенбіге түседі. Сондықтан демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда үш күн қатарынан демалады.

11 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жариялайтынын айтқан.

Ал мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаны қоса алғанда жалғасады.