«Жұрт тағы қосып жүрмесін»: Арман Қоңыр өзін басқа қызбен жүр дегендерге жауап берді
Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Әнші бұл жағдайға қатысты пікірін әзілмен білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Арман Қоңыр «Жайлау» гольф-клубында жүргенін айтып, оқырмандарына сол жерден сурет жарияламауды әзілмен сұраған.
«Жайлау» гольф-клубында жүрміз. Менің үндеуім бар еді. Құрметті оқырманым, әсіресе қыздар қауымы, бүгін осы жерден сурет салмаңыздаршы. Әйтпесе, кейбір адамдар бізді жүреді деп қалады. Менің айтарым – осы», – деді әнші.
Кейін Арман Қоңыр аталған локациядан өзі де сурет жариялады.
«Бүгін бұл жерден Instagram-ға фото салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», – деп жазды ол.
Жазба астында оқырмандары түрлі пікір қалдырған.
«Түсеміз, қазір барып дәл осы жерге», «Ана қыз кім еді өзі?! Соңында соның жүрген жерін көріп қойыңдаршы. Арманды көрсек, алдымызға бірінші сол қыз келеді деп ойлайтын болдық қой», «Арманды аңдып отырмыз, қайда жүргенін қарап», «Адамдардың фантазиясы жүйрік. Аша Матай сіздің тағдырыңыз. Ондай әйел енді қайталанбайды. Жұрт айта береді. Келесі жылы ұлды болыңыздар. Дәл осы жерге барып суретке түсеміз», – деп жазған олар.