Үндістанда қазақстандық қамауға алынған танкерде қалып қойды
Үндістанда қамауға алынған Unity мұнай танкерінің бортында 20 Ресей азаматы, бір Қазақстан азаматы және екі Мысыр азаматы бар. Экипажға қыркүйек айының соңына дейін жететін азық-түлік пен ауызсу жеткізілген, деп хабарлайды buginmedia.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Үндістанда қамауға алынған Unity мұнай танкерінің бортында 20 Ресей азаматы, бір Қазақстан азаматы және екі Мысыр азаматы бар. Экипажға қыркүйек айының соңына дейін жететін азық-түлік пен ауызсу жеткізілген. Бұл туралы Ресейдің Калькуттадағы Бас консулдығы ТАСС-қа хабарлады.
Дипломаттардың мәліметінше, 19 тамызда танкерге азық-түлік пен ауызсудың кезекті қоры жеткізілген. Капитанның есебінше, ол қыркүйек айының соңына дейін жетуі керек.
Танкер жөндеуді қажет етеді, сондықтан теңізге шығып, қозғалысын жалғастыра алмай отыр. Кеме Камерун туымен жүреді және Парадип порты маңында якорьде тұр.
Танкер 11 мамырдан бері кеме иесіне қатысты қаржылық талаптарға байланысты Үндістан билігінің қамауында. Іс Одиша штатының Жоғарғы сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 21 қыркүйекке белгіленген.
Экипаждың елдеріне қайтарылуына қатысты мәселені ресейлік «Согласие» сақтандыру компаниясы шешіп жатыр. Үндістан тарапы экипажды жаңа құраммен ауыстыруды репатриацияның шарты ретінде қарастырып отыр.
Ресейдің Бас консулдығы экипаж мүшелерімен, сақтандыру компаниясымен және Үндістандағы агентпен байланыста екенін мәлімдеді.