Жаңалықтар

Экс-министрдің ұлы әлемдік жұмыртқа ұйымының басшылығына кірді

Қазақстандық кәсіпкер Максим Божко Дүниежүзілік жұмыртқа ұйымының (World Egg Organisation, WEO) басқарма құрамына бес жыл мерзімге сайланды. Ол Қазақстанның осы ұйымның басшылық органына енген алғашқы өкілі болды, еп хабарлайды buginmedia.kz.

Божко 7–10 қыркүйекте Сингапурда өткен WEO жаһандық конференциясында Қазақстан атынан «Шанырақ» компаниялар тобының бас директоры әрі ортақ иесі ретінде қатысты. Компания жұмыртқа өндірісі, құс шаруашылығы және жем өндірумен айналысады.

Максим Божко – Қазақстанның бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі, экс-парламент депутаты Владимир Божконың ұлы. Владимир Божко әр жылдары мемлекеттік қызметте, оның ішінде Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметінде болған.

Бұрынғы министрдің аты 2022 жылы әлеуметтік желідегі жазбаға байланысты да аталған. Ол Facebook парақшасында «Нацистам из Казахстана — приготовиться!» деген тақырыптағы жазбаны бөліскен. Кейін жарияланым өшірілді.

Бұл жазба қоғамда пікірталас туғызып, бірқатар қоғам белсенділері Божконың әрекетін сынға алған. Сол кезде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, Қазақстан құқық қорғау органдары заң бұзушылық болса, тиісті шара қабылдайтынын айтқан.